- Басты бет
- Жаңалықтар
- Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында БҰҰ-ның ардагер волонтерымен кездесу өтті
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында БҰҰ-ның ардагер волонтерымен кездесу өтті
23 ақпанда "Тұрақты даму мақсаттары" (ЦУР) жобасының тұрақты даму үшін серіктестік тармағы аясында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында Орталық Азиядағы БҰҰ волонтеры, экология және әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі кеңесші Роберто Болтримен кездесу өтті. Құрметті қонақ жұбайымен бірге ирантану бөлімімен танысуға арнайы келіп, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы оқытушыларымен кездесті.
Роберто Болтри мырза Италиядағы Болон университетінің профессоры. 1996 жылдан бері БҰҰ-ның Орталық Азия, оның ішінде Қазақстан бойынша волонтеры болып келеді. Қазіргі кезде Арал теңізінің экологиялық мәселесімен айналысып жүр. Оқытушылармен кездесу барысында факультет студенттеріне экология тақырыбымен қатар, шетелде білім алу, шетелде жұмысқа орналасу сияқты тақырыптарда дәріс оқуға әрқашан әзір екенін білдірді.