«Заманауи технологияларды пайдалана отырып, ұлттық құндылықтарға сәйкес ағылшын және француз тілдерін оқыту құзыреттілігін қалыптастыру» атты дөңгелек үстел

27 ақпан, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің дипломатиялық аударма кафедрасы 2024 жылдың 27 ақпанында  сағ 14.00 ҚРҒБМ-нің АР 148 69 709 "Ұлттық құндылықтар негізінде шет тілін оқыту ерекшеліктері"гранттық жобасы аясында, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 90 жылдығына байланысты ұйымдастырылатын «Заманауи технологияларды пайдалана отырып, ұлттық құндылықтарға сәйкес ағылшын және француз тілдерін оқыту құзыреттілігін қалыптастыру» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты- шет тілін оқытуда ұлттық құндылықтардың рөлін талқылай отырып, құзыреттілікті қалыптастыру үшін пікірталас алаңын құру және студенттердің танымдық белсенділігін, ұлттың ұлттық кодын сақтаудың маңыздылығын саналы түрде дамыту.

    Дөңгелек үстел жұмысына халықаралық қатынастар факультетінің деканы PhD,асс.профессор|Л.Ф.Деловарова, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнография институтының профессоры, этногроф, тарих ғылымының докторы Ахмет Уалиханұлы Тоқтабай, педагогика ғылымының докторы, Қазақстан-Британ техникалық университетінің профессоры, Дәулетбекова Жанат Тұрарбекқызы.

Berny Sèbe PHD - Birmingham (Англия)университетінің профессоры, Бағдагүл Мұса PHDЮрдания университетінің профессоры, Süleyman Kaan YALÇIN PHD–Фрат университетінің (Туркия) профессоры, Lucas Daloushe –магистр, Франция, Ninomia Takashi PHD -Цукуба (Жапония)Университетінің профессоры, сондай-ақ, кафедраның ұстаздар қауымы қатысты.  Дөңгелек стөлді-модератор,дипломатиялық аударма кафедрасының  меңгерушісі,ф.ғ.к.,профессор Сейдекенова А.С. жүргізді. Қорытынды сөзді ғылыми жоба жетекшісі ф.ғ.к. Г.Ө. Мұхаметқалиеваға жасады. Сонымен, «Заманауи технологияларды пайдалана отырып, ұлттық құндылықтарға сәйкес ағылшын және француз тілдерін оқыту құзыреттілігін қалыптастыру»атты дөңгелек үстел өз мәресіне жетті.

 

ф.ғ.к. Мұхаметқалиева Г.Ө.