- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Сапалы білім» SDG шеңберіндегі зерттеу университетін дамытудың заманауи тенденциялары бойынша сарапшылық стратегиялық сессия
«Сапалы білім» SDG шеңберіндегі зерттеу университетін дамытудың заманауи тенденциялары бойынша сарапшылық стратегиялық сессия
2024 жылдың 21-22 ақпаны аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде айтулы оқиға – «Professional Week 2024» Сарапшылық стратегиялық сессиясы өтті. «Зерттеу университетінің білім беру бағдарламаларын жобалау: мәселелері мен келешегі» трекінің аясында экономика ғылымдарының кандидаты, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының аға оқытушысы Аида Тілектесқызы Ерімпашева сөз сөйледі. Оның баяндамасы зерттеу университетіндегі білім беру бағдарламаларын жетілдіруге арналды. Атап айтқанда, «7M04101 – Әлемдік экономика» білім беру бағдарламасының жетістіктері мен нәтижелерін, оның еңбек нарығына ықпалын атап өтті, сондай-ақ «7M041 Халықаралық бизнес» жаңа білім беру бағдарламасының іске қосылғанын хабарлады. Баяндама тыңдаушылардың – Алматыдағы және Қазақстан облыстарының жоғары оқу орындарының өкілдерінің үлкен қызығушылығын тудырды. Бұл сессия ҚазҰУ-дың халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жоғары сапалы білімге деген ұмтылысын, сондай-ақ осы саладағы инновациялар мен жетілдіруге дайындығын көрсетті.