27 ақпан 2024 жылы ЖОО дейінгі білім беру факультеті оқу ғимаратының 120-дәрісханасында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен Алматыдағы Юнеско кеңсесінің тренер-кеңесшісі, Phd С.Ж. Зейнолла ТДМ 5 аясында "Білім берудегі гендерлік теңдік" атты тақырыпта тренинг өткізді. Тренингке бейіндік мектеп, кафедра, колледж оқытушылары мен факультет деканы, деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі, ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасарлары қатысты. Спикер С.Ж. Зейнолла ТДМ бойынша жұмыстарды қалай ұйымдастыру мен жүзеге асыру туралы ойларын ортаға салды. Тренингке қатысушылар спикерге өз ойларын айтып, толғандырған сұрақтарын қойды. Тренингке қатысушылар өздеріне қажеттіні ала білді деген ниеттеміз.