«Серіктестікті дамытудағы жастардың рөлі »

20 ақпан, 2024

2024 жылғы 20 ақпанда, Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары «ТДМ 17.Тұрақты даму үшін серіктестік»  жобасын іске асыру барысында, «Серіктестікті дамытудағы жастардың рөлі » тақырыбында «7М02312-Шетел филологиясы» мамандығының 1 курс студенттерінің қатысуымен ашық іс-шара өткізді.  
Іс-шара барысында шетел филологиясының студенттері Қажияхметова Айғаным Маратқызы мен Ахмет Ұлданай Оңласынқызы тұрақты даму үшін серіктестіктің маңыздылығы, мақсаттары, оның құрылымдары, нәтижелері, серіктестікті дамытудағы жастардың рөлін талқылады. Осы тақырыпта бейнежазбалар мен презентация көрсетілді. 

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының 1-курс магистранттары
 Ахмет Ұ.О., Қажияхметова А.М., 
топ эдвайзері: аға оқытушы Оңғарбаева М.С.