«Үндістан және Еуразия елдеріндегі үндітану зерттерулерінің бүгіні мен келешегі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

29 ақпан, 2024

Әл-Фараби Қазақ Ұлттық университеті ҚР Үндістанның Елшілігі мен  Свами Вивекананд атындағы мәдени орталықтың демеушілігімен 2024 жылдың 13-14 наурызында әл-Фараби университетінің 90 жылдығына және шығыстану факультетіндегі хинди бөлімінің 25 жылдығына арналған «Үндістан және Еуразия елдеріндегі үндітану зерттерулерінің бүгіні мен келешегі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияның өтетін орны: Алматы қаласы, әл-Фараби ҚазҰУ қалашығы, әл-Фараби кітапханасы, 4-қабат.

 Конференция барысында төмендегідей секциялар жұмыс істейді:

  • хинди лингвистикасының өзекті мәселелері;
  • хинди тілінің тарихи байланыстары;
  • хинди әдебиетінің даму тарихы;
  • хинди тілін оқытудың әдістемесі.

Конференцияға Үндістан Республикасының төтенше және өкілетті Елшісі, Елшілік өкілдері, Үнді мәдени байланыстар Кеңесінің президенті (Үндістан), отандық және шетелдік үндітанушылар және БАҚ өкілдері қатысады деп жоспарлануда.

Аталған сала мамандарын конференция жұмысына қатысуға шақырамыз және 2024 жылдың 1 наурызына дейін мақалалардың мәтінін жіберуді сұраймыз.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, хинди тілдері.

Мақалаларды рәсімдеу кезінде төмендегі талаптарды ұстану қажет: электрондық нұсқада басылған мәтіннің көлемі 5-7 бетке дейін. Қарпі – Times New Roman, кеглі – 12; жоларалық интервалы – 1; енінен туралау; абзацтық шегінісі – 1 см; парақ бағдары – кітаби, жоғарғы және төменгі өріс – 2,0, сол – 3,0 және оң өрісі – 1.

Тақырыпты рәсімдеу (бас әріппен, қалың қаріппен, ортасы бойынша туралау) МАҚАЛАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ (хинди тілінде); келесі жолда (қарпі – қалың курсив, оң жаққа туралау) – толық А.Ж.Ә.; келесі жолда (қарпі – курсив, оң жаққа туралау) – ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, қызметі, қызмет орны, қаласы; келесі жолда (қарпі – курсив, оң жаққа туралау) – байланыс E-mail-ы; бір жолдан кейін – мақаланың мәтіні. Әдебиет тізіміндегі сәйкес дереккөзге мәтіндегі сілтемелерді шаршы жақшаға алынған араб цифрларымен рәсімдеген жөн, мәселен, [1, 277]. Әр беттік автоматты сілтемелерді пайдалануға жол берілмейді.

Қолжазбаға тегі, аты-жөні, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс орны мен қызметі, қаласы, елі, сондай-ақ, электрондық мекенжайлары мен байланыс телефондары көрсетілген авторлар туралы мәліметтер қоса тіркеледі.

Ұйымдастыру ұжымы мәлімделген тақырыптама мен рәсімдеуге қойылған талаптарға сай емес баяндамаларды қабылдамау құқығын өзінде қалдырады.

Мақаланы: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті (Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 95А) қабылдайды, e-mail: aknazar0909@mail.ru

Жауапты: Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушысы, PhD Бокулева Бота Сериккановна,  тел.: (WhatsApp) +77071308181