Ораз Қиқымұлы Жандосовтың 125  жыл толуына орай дөңгелек үстел

20 ақпан, 2024

          Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерекесін атап өту аясында, Тарих факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасы ұйымдастыруымен 2024 жылы 20 ақпан күні, Ораз Қиқымұлы Жандосовтың 125  жыл толуына орай дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстеліміздің қонақтары, тарих факультетінің деканы т.ғ.д., порфессор Байгунаков Досбол Сүлейменұлы, т.ғ.к., порфессор Козыбакова Фатима Акынбайқызы, т.ғ.к., порфессор Козғамбаева Гульнар Бестибайқызы, т.ғ.к., доцент Ноянов Едил Ноянұлы, т.ғ.к., аға оқытушы Арынов Жумакан Маканұлы және студенттер қатысты.

         Сөз алған тарих факультетінің деканы Байгунаков Досбол Сүлейменұлы, Ораз Қиқымұлы  ірі мемлекет және қоғам қайраткері ғана емес, сонымен қатар  Қазақстан мен Түркістанның  әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінің тарихын зерттеуші, шешен, әрі публицист, ұлт мәселесі мен аграрлық шаруашылық мәселесінің де білгірі болғандығын атап өтті. Содай-ақ қатысушы ғалымдар өз ойларын ортаға слып, студенттер сұрақ жауап алып, соңы студентердің концерттік өнерлерімен аяқталды.