Студенттік бизнес-инкубаторларының инновациялық жобаларының конкурсы

29 ақпан, 2024

Конкурсты өткізудің мақсаты – үздік  студенттік инновациялық бизнес-идеяларды іріктеу, содан кейін оларды дамудың барлық кезеңдерінде: идеяны пысықтаудан бастап оны коммерцияландыруға дейін акселерациялауға жәрдемдесу.

Жобаларды бағалау критерийлері: ҚР ғылымы мен техникасын дамытудың басым бағыттарының біріне тиесілігі, жоба идеясы, өзектілігі, жаңашылдығы, практикалық маңыздылығы мен бәсекеге қабілеттілігі, коммерцияландыру әлеуеті болып табылады.

Бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша барлық оқу курстарының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң білім алушыларын конкурсқа қатысуға шақырамыз.

Конкурс жеңімпаздарын конкурстың серіктестері мен ұйымдастырушыларынан бағалы сыйлықтар, 1 орын үшін - 150 000 теңге, 2 орын үшін (3 жоба) – 100 000 теңгеден және 3 орын үшін (5 жоба) – 75 000 теңге мөлшерінде дипломдар мен ақшалай сыйлықтар күтеді.

Конкурсқа қатысу үшін ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін электрондық мекенжайға  Assel.Kenzhetay@kaznu.edu.kz  толтырылған форманы қосымшаға сәйкес, сондай-ақ өз жұмысын сипаттайтын презентацияны жібересіздер.

Конкурсты ұйымдастыру мәселелері бойынша 8 702 412 95 09 телефоны немесе e-mail: Assel.Kenzhetay@kaznu.edu.kz

Қосымша