"Туберкулездің алдын алу" тақырыбында пікірталас алаңы өткізілді

28 ақпан, 2024

28.02.2024 жылы Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасында  ТДМ 3. Салауатты өмір салты және әл-ауқат шеңберінде "Туберкулездің алдын алу" тақырыбында пікірталас алаңы өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жастардың салауатты өмір салтын ұстану ұмтылысын қалыптастыру, туберкулездің алдын алу шаралары туралы ақпарат беру. Пікірталас алаңында студенттер дайындаған "Туберкулездің алдын алу" тақырыбы бойынша презентациялар мен баяндамалар тыңдалды. Сондай-ақ, бүгінгі таңда Қазақстанда туберкулездің таралуы бойынша статистикалық мәліметтер келтіріліп,  оның алдын алу мәселелері белсенді талданды және  медицинада қолданылатын емдеу әдістері мен профилактикалық жұмыстарға тиісті баға берілді. Қорыта айтқанда, іс-шара барысында студенттер туберкулезға қарсы профилактикалық іс-шараларды жүргізудің және инфекцияның алдын алудың түрлі әдістерімен таныстырылды.

Ұйымдастырушылар: эдвайзер-кураторлар: б.ғ.к. доцент С.Ш. Асрандина, б.ғ.д., профессор С.Д. Атабаева және «5В05103 - Биотехнология» ББ, 3 және 4 курс студенттері. Өткізілген орын: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 412 ауд, өткізу уақыты: 15.00 сағ.