Әл-Фараби бизнес мектебі астаналық әріптестермен тәжірибе алмасты

29 ақпан, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Al-Farabi Business School делегациясы Астанаға арнайы іссапармен барып, бизнес-білімді дамыту бойынша бірқатар әріптестік кездесулер өткізді.

Іссапардың алғашқы күні делегация Астана халықаралық қаржы орталығында болып, білікті ұжыммен кездесті. Нәтижесінде тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс атқаруға уағдаласты.

Одан кейін MNU Business School-да кездесу өткізіліп, ортақ жобалар мен бизнес-білімді дамыту мәселелері талқыланды.

Іссапар аясында Al-Farabi Business School директорының орынбасары Қиял Түкембаева астаналық жастарға «Назарбаев университеті инновациялық кластеріндегі коммуникациялар» тақырыбында дәріс оқыды.

Спикер бүгінгі қоғамда бизнес-білімді жетілдіруде оқу орындары арасындағы стратегиялық білім алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Бұл іссапар байланыстарды нығайтуға және стратегиялық серіктестіктің негізін қалыптастыруға ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар инновациялық идеялар және шешімдермен алмасу үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі