«АЛҒЫС АЙТУ – ПАРЫЗЫМЫЗ!»

1 наурыз, 2024

2024 жылғы 29 ақпанда "Бизнес технологиялар" кафедрасының тұрақты даму мақсатын іске асыру негізінде кафедра меңгерушісі З. Б. Ахметова, доценттер К. М. Камали, Р.Б. Сартова және оқытушы Л. М. Ибраева "Логистика" мамандығының 3 курс студенттерімен "1-ші наурыз Алғыс айту" күніне орай іс-шара өткізді, онда студенттерге осы іс-шараның мақсаты өскелең ұрпақты мейірімділікке, жауаптылыққа, айналасындағыларға достық қарым-қатынастың қажеттілігі туралы ой қозғады. Өйткені, өз еліне және халқына деген құрмет, сүйіспеншілік пен ризашылық олармен бірге тұратын және оқитын адамдардан басталады - бұл отбасы, курстастар, достар, мұғалімдер. Бүгінгі таңда өскелең ұрпақ өз бойында жақсы қасиеттерді дамыта отырып, ризашылық пен құрмет көрсетуді үйренуі керек.

​Осы тамаша мерекеде "Логистика" мамандығы бойынша білім алып, кім болғанымыз және кім болатынымыз үшін барлығына алғыс айтқымыз келеді. Еліміздің болашағы болып табылатын жастар біздің мемлекетімізге, университетке көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін алғыс білдірулері тиіс. Өскелең ұрпақтың алдына қойылатын мақсат – елдің барлық байлығын келесі ұрпаққа қалдыруды ұмытпауымыз қажет.