28 ақпанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультеті, Ақымет Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының ҚФ-301 топ студенттері 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай ашық тәрбие сағатын өткізді. Осы шара арқылы студенттер «рахмет» сөзінің мәнін тереңірек түсініп, жүрекке жылу сыйлайтын ерекше мерекеге өз үлестерін қосты. Ата-анаға, достарына, ұстаздарға деген алғыстарын жаудыра отырып, Д.Алтынбекқызы, А.Зеберхан мерекеге қатысты өз өлеңдерін оқыды.
Іс-шара әсем әуенмен, ойындарымен және студенттердің бір-біріне дайындаған сыйлықтарымен өз жалғасын тапты. Алғыс айту күні – адамзаттық құндылықтардың ең биігі, оның ішінде ізгілікке бағыттайтын мереке. Мейірім мен шаттыққа толы айтулы күн бәріміздің жанымызды тек бақытқа бөлесін дегіміз келеді.