Жер, су, ауа –ұрпаққа мұра

1 наурыз, 2024

Жалпы, экология мәселесі адамзат дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып келеді. Қор­ша­ған ортаны қорғау... Пластиктен бас тарту... Бұл бү­гінде екінің бірі пікір айтатын тренд тақырыпқа айналды. Қоршаған ортаны қорғау мәселесі өзіміздің денсаулығымыздан бұрын, заманауи болып көріну үшін қажет сияқты. Экология тақырыбында сөз қозғап, көпшіліктің назарын аударуға тырысып жүргендер қатары да көбейіп жатыр. Алайда пластик заттарды тұтынумен қатар, ғаламға төнген тағы бір қауіптің бірі – жаһандық жылыну. 

ХХ ғасырдың басын­да ға­лымдар Жер плане­та­сын­да­ғы температураның өз­ге­руін зерттеп, жыл сайын жо­ға­ры­лап отырғанын анық­таған. Ал 1980 жылы жы­лыну үрдісі дәлелденген.

1998 жылы Массачусетс университеті мен Аризона дендро-хронология универ­ситетінің ғалымдары Жер температурасының 1000 жыл­дағы өзгерісі туралы зерттеу жариялаған. Тер­мо­метр болмаған кездегі ауа температурасын сол за­ман туралы ақпарат бе­ре­тін де­реккөздерден зерде­ле­ген. Нәтижесінде біраз уақыт нор­мадан алшақтау бәсең бо­лып, ал ХХ ға­сыр­да тем­ператураның жо­ға­рылап, күрт өскені бай­қал­ды.

1987 жылы БҰҰ-ның Дү­ние­жүзілік қор­шаған орта мен даму комиссиясы «Біз­дің жалпы болашағымыз» ат­ты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Ал­ғаш рет «Тұрақты даму» кон­цепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму» – қазіргі уа­қыттың қажет­ті­лігін қам­тамасыз ете оты­рып, бо­лашақ ұрпақтың қа­жеттіліктерін қамтамасыз етуі­не қауіп туғызбайтын да­му.

1992 жылдың маусым айын­да Рио-де-Жанейро қа­ла­сында өткен БҰҰ-ның қор­шаған орта мен даму бо­йынша өткен конфе­рен­ция­сы «Тұрақты даму концеп­ция­сы» атты ауқымды бағ­дар­лама қабылдады. Бұл бағ­дарламада түйіні шешілуі тиіс болашақта тұрақты да­муды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарас­ты­рылған. ТДМ-2030 1) азамат­тар­дың өмір сапасын арт­тыруға, 2) мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуына, 3) экологиялық тұрақтылығына бағытталған 2030 жылға дейінгі мақсат­тар мен индикаторлардың ке­шенді жинағы болып та­был­ды. ТДМ-2030 жылға де­йінгі бағдарлама 17 мақ­саттан, сондай-ақ онымен өзектес 169 міндет пен 242 индикаторды қамтыды.

Осы орайда, өзім дәріс оқитын «Мұнай өңдеудегі газхимиясының үдерістері» пәні бойынша семестр бойы берген білімді пысықтау мақ­сатында ауқымды іс-шара ұйымдастырдық.

Атмосфералық ауаның түр­лі зиянды заттармен лас­тануы ел-жұрттың денсау­лы­ғына кері әсер етеді, оның ішінде тыныс мүшелерінің ауруына әкеп соғады. Ауаны ластау, кәсіпорын санының артуы, орманды кесу, адам­заттың сан қилы әрекеті жа­һан­дық жылынудың басты себебі болып тұр. Парниктік газдардың негізгі алты түрі бар, олар: су буы, көмір­қыш­қыл газы, метан, азот то­тығы, озон және хлор­фтор­көмірсутектер.

Атмосфераны лас­тай­тын антропогендік көздер қа­та­рына өнеркәсіп орын­да­ры­ның кейбір салалары, авто­көлік және жылу энер­гетикасы жатады. Атмос­фе­раға зиянды заттарды шығаруда автокөлік алдыңғы қатарда екенін білесіздер. Сондай-ақ «Қазгидромет» ғылыми-зерттеу орталы­ғы­нан алынған мәліметтерге сүйене отырып және универ­ситетіміздің география және табиғатты пайдалану фа­куль­теті Метеорология және гидрология кафедрасының аға оқытушысы Аида Нұр­ға­лиқызы дәйекті мәлі­мет­термен толықтырды. Сту­денттеріміздің ой талқысы мен кеш қонақтарына әзір­леген сұрақтары тақырыпты егжей-тегжейлі пысықтады.

Гүлбану ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ,

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценті