«Сапалы білім» 4-ші тұрақты даму мақсаты контекстіндегі халықаралық нарықтар бойынша қонақ дәрісі

1 наурыз, 2024

2024 жылдың 1 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде халықаралық нарықтар және бәсекелестік стратегиялары туралы қонақ дәрісі өтті.

Дәріс беруші – техника ғылымдарының кандидаты, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, Тұран университетінің маркетинг және логистика кафедрасының доценті Тарақбаева Раушан Ерболатқызы. Дәріс тақырыбы: «Халықаралық нарықтардағы шабуылдық және қорғаныстық бәсекелестік стратегиялары».

Халықаралық қатынастар факультетінде өткен шара студенттерді де, оқытушыларды да осы тақырыпқа қызықтырды.

Дәріс тәжірибе мен пікір алмасу алаңына, сонымен қатар маркетинг және логистика саласындағы сарапшыға сұрақтар қою мүмкіндігіне айналды.

Шараны ұйымдастырушылар: э.ғ.к. Еримпашева А.Т., э.ғ.к. Мырзахметова А.М., Ph.D. Хамзаева А.В.