Ғылыми-технологиялық паркінде «көшбасшылық теориясы» тақырыбында шеберлік сабағы болып өтті

16 маусым, 2015

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-технологиялық паркінде «Көшбасшылық теориясы» атты мотивациялық шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-технологиялық паркінің бизнес-инкубатор жетекшісі, «WAKE UP technology» старт-ап компаниясының директоры, «Тарлан» Жастар Одағының бұрынғы президенті және қамқоршылық кеңесінің мүшесі, «Жаңа ұрпақ» жобасының негізін салушы, Қазақстандық жас кәсіпкерлер ассоциациясының директорлар кеңесінің мүшесі және асоциацияның бас бизнес-кеңесшісі Абжанов Асхат Мұратбекұлы. Бұл іс-шараның басты мақсаты өзіңізде көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.

Іс-шараға бизнес-кеңесшілер, жоба менеджерлері, жобалық типті басқарушылық компаниялардың жетекшілері, банк сферасының өкілдері, HR менеджерлер мен кеңесшілер, әр түрлі салалардың сарапшылары мен мамандары және «Ғылыми-технологиялық парктің» басшылығы мен старт-ап компаниялары қатысты.

Бұл шеберлік сабағында стандартты көшбасшылық теориясы жайлы және атақты адамдардың тарихы секілді баяндамалар болмады. Бұл жерде спикер өзінің шынайы өмірінде компаниясын құру жолында тап болған қателіктері мен қиыншылықтары жайлы айтты.

Шеберлік сабағы барысында «Көшбасшы сөзінің ұғымы», «Жобалық басқару көшбасшылықпен байланысты ма?», «Заманауи замандағы көшбасшы» секілді сұрақтар талданды. Шеберлік сабағын қорытындылай келе осы бағытта ары қарай жұмыс жүргізу туралы шешім қабылданды.

Ғылыми-технологиялық парк