«Медика-биологиялық мақсаттағы полимерлер химиясы» онлайн курсы
Заманауи ғылым мен технология әлемі қарқынды дамып келеді, және олардың ең маңызды бағыттардың бірі – биомедициналық полимерлер химиясы. Бұл салада полимер материалдарын жасап, медицинада, биологияда және фармацевтикада қолдана алатын мамандарға сұраныс жоғары. Дегенмен, осы тақырыпқа деген үлкен қызығушылыққа қарамастан, медика - биологиялық полимерлер химиясы саласындағы мамандандырылған білім көптеген қызығушылық танытқан адамдар үшін қолжетімсіз болып қала береді. Осыған байланысты open.kaznu.kz платформасында «Медика - биологиялық мақсаттағы полимерлер химиясы» онлайн курсының ашылуы өзекті және танымал бастама болып табылады. Курстың авторлары мен әзірлеушілері химия және химиялық технология факультетінің органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының оқытушылары – Уркимбаева П.И., Токтабаева А.К., Рахметуллаева Р.К., Кенесова З.А.
«Медика – биологиялық мақсаттағы полимерлер химиясы» онлайн курсы студенттер мен мамандарға полимерлер химиясының негіздерін, сондай-ақ олардың медицинада, биологияда және фармацевтикада қолданылуын үйренуге мүмкіндік береді. Курс қатысушыларға осы саладағы білімдері мен дағдыларын тереңдетуге көмектесетін бейнелекциялар, дәріс конспектілері, тесттер және өзін-өзі тексеруден тұрады. Курсты аяқтаған соң тыңдаушылар сертификат алады. Бұл курс полимерлер химиясы саласындағы білімді жетілдіруге, сондай-ақ медицинада, биологияда және фармацевтикада полимерлік материалдарды жобалау және қолдану дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.