Ақпан айының 8-ші жұлдызында Конфуций институты ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетімен бірлесе отырып ақпараттық-білім беру іс-шаралары және халықаралық ынтымақтастықты тұрақты дамыту мақсатында Қытай Жаңа жылын атап өтті. Іс-шараға Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының білім жөніндегі консулы қатысып, құттықтау сөзі мен құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар ҚазҰУ Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаментінің директоры Хуан Сяомин және Әл-Фараби – Джакубаева Салтанат Төлеуқызы, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті деканының орынбасары – Келдебеков Қанат Қарақұлұлы, ЖОО-ға дейінгі тәрбие кафедрасының меңгерушісі Тауекелов Нұрлыбек Бақытбекұлы, басқа да жоғары оқу орындарының кафедра меңгерушілері, факультеттерден келген қонақтар шақырылып Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесінің басталу уақытын бүгінгі күнге белгілендігі жайлы айтып, ізгі тілектері мен құттықтауларын жеткізді. Аталмыш іс-шараға Шығыстану және халықаралық қатынастар факультеиінің студенттері мен тыңдаушыларыда белсене ат салысты.
Конфуций институтының қытай тілін оқитын студенттерімен, сондай-ақ Қытайдан келген ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің орыс тілін оқып жатқан студенттерімен бірге қонақтарға қытай тілін білуге арналған ойындар мен викториналардан тұратын қызықты концерттік бағдарламалар ұсынылды. Іс-шараға жиналғандар мерекелік эмоцияға толы көтеріңкі көңіл-күй, концерттік атмосфераға куә болды. Концертке шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасынан Фан Чжосюань, Ху Цзихань, Аймер Даулет атты тыңдаушыларымыз қатысты. Шақыру және ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз.