«Бірлігіміз жарасқан» атты мәдени-танымдық іс-шара
1 наурыз, 2024
1-наурызда Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Кудерина Айжан Нұрхамитқызының ұйымдастыруымен «6В03102-мәдениеттану» мамандығы 2-курс студенттерінің қатысуымен алғыс айту күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан» атты мәдени-танымдық іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты - елімізді татулық пен берекеге баулитын, ұлттық бірегейлігімізді сақтайтын, ерекше мерекемізді насихаттап, салт-дәстүрімізді көрсету. Іс-шара барысында қыздар әшекей бұйымдарын тағып, тақия, шекеліктерін киіп, ел назарын өздеріне аударып, сөзсіз тамсанатын көрініске ие болды. Ең бастысы еліміздің мәдени құндылығын бағалау арқылы ұлы дала өркениетінің негізі болатын ұлттық мәдени мұрамызды сақтап, насихаттау, өскелең ұрпақтың алдындағы негізгі міндет болып табылады
Басқа жаңалықтар
28 желтоқсан, 2024
28 желтоқсан, 2024
28 желтоқсан, 2024