Бизнес ашу. Өз ісіңізді іске қосудың қадамдық жоспары

2 наурыз, 2024

"Табысты бизнесті көргенде, бұл біреудің батыл шешім қабылдағанын білдіреді" П.Друкер 29 ақпанда Экономика кафедрасы ұйымдастырған кездесуді сипаттай алады. 

Алматы қаласының жаңа бизнес-идеяларын іске асыру үшін грант алуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның мүшесі, аға оқытушы  Есенгелдиева Г.Т. ЭжБЖМ, география және химия факультеттерінің студенттеріне көшбасшылық дәріс өткізді. 

Кездесу барысында ТДМ - 1 "кедейлікті жою", ТДМ - 8 "лайықты жұмыс және экономикалық өсу", ТДМ - 17 "орнықты даму мүддесіндегі әріптестік" және басқа да мақсаттар шеңберіндегі мәселелер талқыланды. 

Сондай-ақ, дәріскер жастар бизнесін қолдаудың іске асырылуын атап өтіп, бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері туралы айтты.