ҚазҰУ студенті үздіктер қатарында
Шығыстану факультеті Таяу және Орта Шығыс кафедрасының 3-курс студенті Мұхамбетқалиева Ақтотының эссесі «Tackling climate change: reasons for global involvement and importance of my role» тақырыбында өткен эсселер байқауында үздік ондыққа кірді.
Бұл байқауды Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігі және Қазақстандағы Еуропалық Одақтың Өкілдігі Бельгия, Германия, Испания және Францияның Қазақстандағы Елшіліктерімен бірлесе ұйымдастырды. Аталмыш байқау биыл Париж қаласында өтетін Климат мәселелері бойынша БҰҰ Халықаралық конференциясы қарсаңында және Еуропалық Одақтың Климаттық дипломатия саласындағы әрекеттері жоспарына сәйкес өткізілді.
Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды, сонымен бірге «Жасыл экономика» телебағдарламасының кейіпкерлері атанбақ.
Таяу және Орта Шығыс кафедрасы