ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

3 наурыз, 2024
  • Жансейіт Түймебаев Орталық Азия және Ресей бойынша СNPC корпорациясының президенті Биан Дыжының «Қазақстандағы CNPC Қытай-Қазақстан қатынастары мен мұнай-газ қызметіне қол жеткізу» тақырыбындағы көшбасшылық дәрісіне қатысты. 
  • ҚазҰУ басшысы «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Мейіржан Отыншиев пен кәсіпқой боксшы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы Жанқош Тұраровпен жүздесті. 
  • Жансейіт Қансейітұлы ҚазҰУ-ға арнайы келген Түркия депутаты 
  • Исмаил Хаккимен жүздесіп, екі ел университеттері арасындағы серіктестікті дамыту мәселесін қарастырды. 
  • ЖОО басшысы Ғылыми кеңес отырысын өткізді. Кеңесте қысқы емтихан сессиясының қорытындылары мен «Нейроғылымның келешегі» атты пәнаралық ғылыми журналын құру мәселелері талқыланды. 
  • Оқу ордасының ректоры география және табиғатты пайдалану факультетіндегі жаңадан ашылғалы жатқан 10 зертхананы аралап көрді. 
  • Ректор «Деловой Казахстан» бас редакторы Серік Қаржумбаевпен кездесті. 
  • Жансейіт Түймебаев барша оқытушы-профессорлар құрамын және білім алушы жастарды Алғыс айту күнімен құттықтады.