"Алғыс айту парызым!" атты іс шара

5 наурыз, 2024

2024 жылдың 29 ақпан күні Экономика және бизнес жоғары мектебі "Қаржы және есеп" кафедрасының куратор-эдвайзер Супугалиева Г.И., "Қаржы" мамандығының докторанттары Акимбаева К.Т., Мухаметжанова Ж. С.  "Қаржы" мамандығы 3 курс студенттерімен ТДМ 4 Сапалы білім беру аясында "Алғыс айту парызым! атты іс шара өткізілді.
1 наурыз - Алғыс айту күні. Жыл өткен сайын бұл мереке еліміздің азаматтары үшін көбірек мағынаға ие болып, оның
маңыздылығы арта түсуде. Дәл осы күні елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бұл күнді қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі деп атауға болады. Қиын-қыстау заманда баршаның қайғысын да, қуанышын да бөліскен қазақ халқына әр ұлт өкілдері
алғыс білдіретін күн. Осыған орай мерекелік іс-шара өтті. Студенттерге мерекелік көңіл-күй сыйлағандары үшін алғыс айта отырып, шығармашылық қабілеттеріңізді одан әрі дамытып, сезімталдық пен шығармашылыққа бейім болуларына тілектестігімізді білдіреміз.