ҚР-дағы Вьетнам Социалистік Республикасының елшісі ҚазҰУ-да болды

22 маусым, 2015

ҚазҰУ-да ҚР-дағы Вьетнам Социалистік Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Нгуен Ван Хоа болып қайтты.

Кездесу барысында ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Нгуен Ван Хоамен білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық мәселелері жайлы сөз қозғады.

ҚазҰУ ректоры құрметті қонаққа университеттің қызметі, оның жетістіктері мен шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық қарым-қатынастарын айтып, Вьетнам дамып келе жатқан Азия-Тынық мұхитының өңірі екендігін атап өтті. Жақында Вьетнам астанасы Ханой қаласында Азия университеттерінің IV форумы өткен болатын. Мұнда мемлекет білім мен ғылым дамуын ерекше назарда ұстайтындығын айтты. Сондай-ақ, Ғалым Мұтанов студенттер мен оқытушылар, бірлескен конференциялар мен жобаларды алмасу ынтымақтастықты кеңейту қажеттігін атап өтті .

Өз кезегінде, Нгуен Ван Хоа ҚазҰУ ректорының жылы қабылдауы үшін алғысын білдіріп, ұсынысын қабылдады. «ҚазҰУ – халықаралық деңгейде танымал университет. Мұнда Вьетнам студенттері білім алуда. Олар қазақстандық университетті бітіріп мұнда тек білім алып қана қоймай, өз саласының кәсіпқой маманына айналып, қазір еліміздің дамуына үлес қосуда», – деді ол. Сондай-ақ елші бірлесіп маман даярлаудың маңыздылығы екі елдің игілігі үшін жұмыс істейтіндігін атап өтті.

Қорытындылай келе, ҚазҰУ ректоры шетелдік студенттерді оқытуда тәжірибесі мол Вьетнам университетімен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екеніндігін айтты. Кездесу соңында Ғалым Мұтанов Нгуен Ван Хоаға «ҚазҰУ достары» халықаралық клубының құрметті мүшесі деген сертификатты табыс етті.

ҚазҰУ Баспасөз қызметі