Ашық есік күндері

18 қаңтар, 2010

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Биология факультеті

4 ақпан 2010 жылы биология факультетінің ашық есік күнінің

Концепциясы

Ашық есік күнінің мақсаты:

Биология факультетінде ашық есік күні өткізілуінің негізгі мақсаты мектеп оқушыларына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен биология факультетіндегі дайындалатын мамандықтар мен ғылыми зерттеу жұмыстарын жайында мағлұматтар беру, әрбір кафедраның жүргізіп жатқан ғылыми-зерттеу бағыттарымен таныстыру, факультеттегі үлгі тұтатын ғылым жолындағы алатын салмақты орны бар ұстаздардан мектеп оқушыларының санасына қалатындай естеліктер мен қызықты жайттарын ортаға салып, ғылымның көкжиегінен көрінуге бағыт беру.

Ашық есік күнінің негізгі міндеттері:

  • Мектеп оқушыларына және қонақтарға биология факультетінде атқарылып жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыт бағдарын көрсету;
  • Биология факультетіндегі кафедралардың жұмыс барысымен таныстыру;
  • Факультеттегі ғылым жолына өз еңбектерін аямаған ғалым ұстаздармен мектеп оқушыларының еркін тіл табысуына бастама болу;
  • Факультетте дайындалатын мамандықтар туралы терең мағлұматтар беру;
  • Мектеп оқушыларына мен қонақтарды биология факультетінің жанындағы ғылыми - зерттеу институттарының жұмыстарымен таныстыру;
  • Биология факультетінде ғылым мен терең айналысқысы келетін мектеп оқушыларына жағдайдың толық бар екендігін көрсету, оның ішінде жаңадан ашылған лабораториялар мен интерактивті тақта жайында көрсету.

Ашық есік күнінің өткізілетін орны:

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология факультетінің 2 дәріс залында 04 ақпан 2010 жылы сағат 1500 - да өткізіледі. Сонымен қатар факультет жайында көрмелер көрсетіледі.

Ашық есік күнінің ұйымдастырушысы:

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология факультеті.

Өткізілетін іс-шараға жауапты:

Адам және жануарлар физиологиясы және биофизика кафедрасының профессоры Торманов Н.Т. 377-33-34 (12-08)

Ботаника және экология кафедрасының оқытушысы Басығараев Ж.М. 377-33-34 (12-21)

Ашық есік күнінің бағдарламасы:

1) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдық мерейтойы жайында түсірілген видеороликті көрсету. Университеттің тарихы және биология факультеті мен басқада факультеттер туралы келген мектеп оқушыларына қонақтарға мәлімет беру.

2) Биология факультетінің деканы Шалахметова Т.М. сөз беріледі. Факультеттің жеткен жетістіктері мен тарихына тоқталып, жиналған мектеп оқушыларына факультет жайында мағлұмат беру;

3) Биология факультетіне еңбегі сіңген ұстаздар академик Шигаева М.Х., б.ғ.д. профессор Мұхитдинов Н.М., б.ғ.д., профессор Сапаров Қ.Ә. және жақында ғана биология факультетін бітірген PhD докторанттарға сөз беріліп, олардың ғылым жолындағы жеткен жетістіктері мен еңбек жолдарын айтып өтеді.

4) Биология факультеті жанында дайындалатын мамандықтар: биология, биотехнология, экология, балық шаруашылығы.

Осы аталған салалар бойынша буклеттер, оқу процесі туралы мағлұматтар көрсетілген плакаттар жасалынады, осы мамандықтар бойынша бітірген студенттердің еңбек жолы туралы шағын презентация жасалынады.

5) Биология факультетінде дайындалатын мамандық салалары бойынша белгілі ғалымдар б.ғ.д. проф. Иващенко А.Т., б.ғ.д. проф. Бигалиев А.Б., б.ғ.д. проф. Нуртазин С.Т., б.ғ.д. проф. Толеуханов С.Т., б.ғ.д. проф. Жұбанова А.А., б.ғ.д. проф. Айдосова С.С. өз кафедраларында еңбек ететін ұстаздардың шығарған оқу құралдарын көрмеге қойып, өз салаларының жетістіктерін көрмеде көрсету.

6) Биология факультетінің жанындағы атқарылып жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы мәліметтерді арнайы қабырға газеттеріне шығару.

7) Биология факультетінің мектеп оқушыларына дайындаған шағын концертін ұйымдастыру.

8) Факультеттегі қазіргі заманғы ғылыми жетістіктермен жабдықталған аудиториялармен мектеп оқушыларын таныстыру.