ҚазҰУ және «OPTEK» компаниясы (РФ) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
ҚазҰУ-да «Carl Zeiss» концернін және Қазақстандағы жоғары технологиялар саласындағы басқа да әлемдік көшбасшыларын таныстыратын «OPTEK» компаниясы мен университет ынтымақтастық туралы келісімге отырды. Келісім-шартқа ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов және «OPTEK» компаниясының басқарушы директоры Максим Игельник қол қойды.
Келісім бойынша екі жақ электронды микроскопия және лазерлік сканерлеу бірлескен ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шаралар ұйымдастырады. Ол шараларға студенттер және университет жас ғалымдары, «Carl Zeiss» тобын таныстыратын «OPTEK» компаниясы және басқа да жетекші әзірлеушілер мен жоғары технологиялық аналитикалық жабдықтарды өндірушілердің сарапшылары қатысады. Сондай-ақ, ҚазҰУ-да ғылыми мамандарды дайындау үшін, метрология, микроскопия , және 3D визуалдандыру саласындағы қазіргі заманғы жоғары технологиялық шешімдер негізінде жаңа технологиялар мен оқыту процесін зерттеу және жүзеге асыру үшін білім беру орталықтарын құру жоспарланып отыр.
«Бүгінгі таңда ҚазҰУ-да әлемдік тәжірибе негізінде инновациялық және биомедициналық екі ірі кластерлер құрылуда. Сіздің компанияңызбен ынтымақтастық құру жоғары оқу орнының инфрақұрылымын жақсарту мен ғалымдардың ғылыми жобаларын жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік беретініне сенімдімін» – деп айтып өтті ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов.
Келісімге сәйкес, ғылым саласында тәжірибе мен білім алмасу, биология, биоинженерия, генетика, физика, химия, материалтану, геология, геохимия және минералогия, медицина, фармацевтика сияқты инновациялық құны басым салаларында ғылыми техникалық ынтымақтастықты дамыту мен нығайту мақсаттары қарастырылған.
«Мен университеттің жетістіктеріне, өршіл мақсаттарының шешімдеріне тәнтімін. Біздің келісім стратегиялық кейіпті құрайды. ҚазҰУ мен «OPTEK» компаниясы ұзақ жемісті ынтымақтастықта болатынына сенімдімін. Біз Қазақстан Республикасындағы жоғары технологиялар саласындағы ең соңғы жетістіктеріне бағытталған ғылым және білім беруді дамыту процестеріне қатысқанымызды мақтан тұтамыз», – деді «OPTEK» компаниясының басқарушы директоры Максим Игельник. Ол сондай-ақ, университет оқу зертханаларына компанияның атынан «ZEISS Primo Star» бес микроскоптарын сыйға тартты.
«OPTEK» компаниясы – ғылым, білім және инновациялық өнеркәсіп, индустрия және денсаулық сақтау үшін кешенді шешімдерді әзірлеуші. «Carl Zeiss» компаниясы 10 жылдан астам уақыт бойы Ресей, ТМД елдері, Украина және Грузия Республикасының технология және инновация саласындағы әлемдік көшбасшылардың соңғы жабдықтарын ұсынып келеді.
Баспасөз қызметі