ТДМ 1-«Кедейлікті жою» және ТДМ 2-«Аштықты жою» бағыттарын негізге ала отырып, Пр-302 тобының кураторы Мусалаева Ш.А. топ білім алушыларымен Алматы қаласында орналасқан қарттар үйіне барып, мұндағы әр ата-әженің тағдырымен танысып, тәттілер ұсынып қайтты.
Адамның көңілінен нәзік ешнәрсе жоқ. Бір ауыз жылы сөз, жылы ілтипат қарт адамдарға қаншалықты шексіз қуаныш әкелететінін әркім түсіне бермейді. Топ білім алушылары қауқарсыз қарт ата-әжелерімізді көріп, көңілдеріне көп нәрсе түйіп қайтты, жылы сөздерін аямады, оларда білім алушыларға сұрақтар қойын, көкейлеріндегі шер-мұңдарымен бөлісті.
Қазақтар – "Төріңнен қарт кетпесін" деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет көрсету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз. Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіне нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Сондықтан, ақсақалдарымыздың қадіріне жетіп, құрметтейік, бас иеиік, өмір бойы борыштар екенімізді ұмытпайық!...