8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

8 наурыз, 2024

Құрметті ҚазҰУ-дың оқытушы ханымдары, 
қызметкер азаматшалары, білім алушы қыздар қауымы!

 

Сіздерді 8 Наурыз – Халық­ара­лық әйелдер күнімен шын жү­ректен құттықтаймын!

Көктемнің көрікті мерекесі cіздерді жақсылық пен қуа­ныш­қа, ырыс-берекеге бө­ле­сін.

Бүгінде елімізде әйелдер қа­уы­мы үшін жаңа мүм­кін­дік­терге жол ашылуда. Әйелдер қоғамның барлық саласында белсенді қызмет атқарып келеді. Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен Отбасы және гендерлік саясат туралы жаңа тұжырымдама қабылданған. Бұл бағдар­ла­ма­лық құжатта бүгінгі қоғамдағы әйелдердің рөліне ерекше мән берілген.

Жастарды білім, ғылымға баулып, өскелең ұрпаққа өне­гелі тәлім-тәрбие беру ісінде әйелдер үлкен жауапкершілік арқалап келеді. Соңғы жыл­да­ры білім беру ісімен қатар, ғы­лым саласында әйел-ұстаз­дар­дың, әйел-ғалымдардың үлесі артып келеді. Бүгінгі күні ҚазҰУ-дың оқытушы-профес­сор­лық құрамының 65 пайызы әйелдер қауымы. Оқытушы, ғалым ханымдарымыз бен қыз­меткер азаматшаларымыз уни­верситет дамуына елеулі үлес қосуда. Әйел ғалым­да­ры­мыз ірі ғылыми жобаларды іске асырып, ел болашағына қа­жет­ті нәтижелі жұмыстарды ат­қаруда. Студент, магистрант, докторант аруларымыз озық білім алып, заманауи ғылымды игеруде.

Университетімізде «Әл-Фа­ра­би атындағы ҚазҰУ әйел­де­рінің одағы» қоғамдық бір­лестігі жемісті жұмыс істейді. Бір­лестік ұжымдағы қыз-келін­шек­тердің құқықтарын қорғап, уни­верситеттің қоғамдық, эко­номикалық, әлеуметтік және мә­дени өміріндегі әйелдердің рө­лін нығайтуға ықпал етеді.

Қазақ қоғамында ежелден қыз балаға ерекше қамқорлық көрсетіліп, ақ жаулықты ана­ла­рымыздың қадір-қасиеті ай­рық­ша бағаланған.

Шаңырақтарыңыз шаттық­қа, көңілдеріңіз шуаққа толсын.

Ізгі тілектеріңіз бен арман-мақсаттарыңыз орындалсын.

Баршаңызға мықты денсау­лық, отбасыларыңызға құт-бе­реке, еңбектеріңізге табыс тілеймін.

Мерекелеріңіз құтты бол­сын!

Құрметпен

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Басқарма Төрағасы – Ректор

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ