2 курс докторанттарының педагогикалық практикадан өтуі

7 наурыз, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Экономика және бизнес Жоғары мектебінің «Қаржы және есеп» кафедрасы бойынша докторантура деңгейінде «8D04108-Есеп және аудит», «8D04110-Қаржы» білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды. 2023-2024 оқу жылы қабылданған докторанттар Арыстамбаева А.З., Акимбаева Қ.Т., Мухамеджанова Ж.С. оқу жоспарында көктемгі семестрде педагогикалық практика болуы қажет. 2024 жылдың 22 қаңтарынан басталған педагогикалық практиканың маңызды бөлігі докторанттардың аудиторияда жұмыс жасауын бақылау және бағалаумен байланысты болғандықтан, олардың жүргізген сабақтарына университеттің «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының профессоры Ахтаева Надия Селихановна,  «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедарсының доценті Молдасан Қуаныш Шормановна және «Қаржы және есеп» кафедрасы тарапынан жауапты, қауымдастырылған профессор Султанова Б.Б. қатысып, өздерінің жоғары бағасын берді. Сабақтар докторанттардың бектіліген «Педагогикалық тәжірибе кестесіне» сәйкес белгіленген уақытта өткізілді.