Қазіргі әлемдегі әйелдердің құқықтары
2024 жылғы 7 наурызда 5-ТДМ «Гендерлік теңдік» аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы Ш.А. Шортанбай Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Қазіргі әлемдегі әйелдердің құқықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. «Қазақ филологиясы» мамандығының 3 курс студенттерімен Шоқан Амангелдіұлы 8 наурыз мерекесінің қалыптасу тарихын, оның әйелдердің құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі мен маңызын талқылады. Ш.А. Шортанбай Клара Цеткиннің тағдыры, оның әйелдердің құқықтары мен бостандықтары үшін күресі туралы айтты. Дөңгелек үстел барысында студенттер қоғамның тарихи дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі әйелдер құқықтарын салыстырмалы түрде талдады. Дөңгелек үстелдің соңында Ш.А. Шортанбай 8 наурыз мерекесінің заманауи мазмұнын ашып, барлық қыздарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.