Кассандра таңбасы

7 наурыз, 2024

Болашақ қоғамды тұрақты дамыту ТДМ 4 - «Сапалы білім беру»,  ТДМ 5 - «Гендерлік теңдік», ТДМ 11 - «Тұрақты қалалар және елді мекендер» бағытындағы түрлі мәселелерді қозғайтын классик жазушы Ш.Айтматов романының сахналық нұсқасы бойынша қойылған «Кассандра таңбасы» спектакліне 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 1 курстың 6В04103-Экономика ББ студенттері наурыз айының 6-шы жұлдызында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында  қойылған «Кассандра таңбасы» спектаклін тамашалады.  Бұл қойылымда адамзаттың рухсыздану мәселесі отбасылық құндылықтардың қадір-қасиетімен шендестіріле көрсетіледі. Заманауи жаңа ғылыми-техникалық және технологиялық стартаптар ме н жетістіктер мақсатты түрде ізгілік, адамгершілік жолына ғана бағытталуы керек. Керісінше болса ол үлкен қасіреттерді туындауы мүмкін. Бұл мәселелер қазірдің өзінде де өте өзекті.