Біздің тағы бір жеңісіміз!

8 наурыз, 2024

Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты А.А. Ережепованың жетекшілігімен Алматы қаласы, Халықаралық Galaxy мектебінің 11 сынып оқушысы Толепберген Дихан:

1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының  қалалық кезеңінің «Экономика секциясы» бойынша ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.

2. Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының  «Экономика секциясы» бойынша ІІІ дәрежелі дипломымен және қола медальмен марапатталды.

Бұл серіктестік ТДМ 4 – Сапалы білім беру, ТДМ 17 – Тұрақты даму үшін серіктестік мақсаттарды орындауды қамтамасыз етеді.