Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басқарма төрағасы-ректорының Құрмет грамотасымен марапатталды

8 наурыз, 2024

«Жаңа Қазақстан және гендерлік теңдік» атты 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында болған салтанатты жиын шеңберінде Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасы меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Даулиева Галия Рахметовна және «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы, PhD Калиева Асем Ермековна Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дамуына белсене араласып, отандық білім мен ғылымның өркендеуіне қосқан айрықша үлестері үшін басқарма төрағасы-ректорының Құрмет грамотасымен марапатталды. Бұл марапат әрдайым еңбек жолдарыңызда 4 ТДМ - «Сапалы білім беру» қамтамасыз ететіндіктеріңізді білдіреді. Галия Рахметовна және Асем Ермековна, құттықтаймыз!