2024 жылдың 28 ақпанында Халықаралық қатынастар факультетінде, Қазақстандағы Италия Елшілігінің мәдениет атташесі, Алматыдағы Италия мәдениет институтының директоры Эдоардо Кризафулли факультет басшылығымен және итальян тілін оқитын студенттермен кездесу өткізілді. Кездесудің бастамашысы халықаралық қатынастар факультетінің итальян тілі оқытушысы Люсия Белтрами болды.
Кездесу аясында ынтымақтастық перспективалары, халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция ұйымдастыру, итальяндық апталықты өткізу, екі тарапты да, халықтардың тарихи, мәдени дамуының ерекшеліктерін тануға мүмкіндік беретін мәдени дипломатияның маңыздылығы туралы талқыланды.
Студенттер Эдоардо Кризафуллиді қызығушылықпен тыңдап, сұрақтарды қойып, барлық мүдделі тұлғалар қатыса алатын Speaking club ашу туралы шешім қабылданды.