«Жаңа Қазақстанның болашағы білім мен жастарда»
Тұрақты даму мақсаттарының (ТМД17) аясында Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы, Отандастар қоры, Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы жастар бірліестігің өкілдері және қандас кәсіпкерлердің қатысуымен «Жаңа Қазақстанның болашағы білім мен жастарда» атты іс-шара өтті. Бұл іс-шараның мақсаты –
1.Шетелден келіп білім алып отырған жастардың арасында тарихи Отанына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, жастарды білім алуға, адамгершілікке тәрбиелеу;
2. Тыңдаушыларға бір реттік степендия тағайындату арқылы жақсы оқитын, белсенді тыңдаушыларды жігерлендіру және әлеуметтік-экономикалық жағынан әлсіздеу балаларға көмектесу;
3.Өздерінен бұрын тарихи Отанына келген, жетістіктерге жеткен кәсіпкер ағаларының жұмыстарымен таныстырып, тыңдаушыларға мотивация беру;
4.Іс-Шара барысында ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында қолөнер көрмесін ұйымдастыру.
Қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтар, бірлестіктер – білім, ғылым саласында Әлеуметтік-экономикалық және ұлттық құндылықтар мен мұрпаларымызды нәсихаттауда, қоғамның тұрақты даму үшін мықты серіктес бола алады.