МАҚСАТҚА ЖЕТУ ҚАДАМДАРЫ

27 ақпан, 2024

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылар мен тыңдаушыларының қатысуымен №14 студенттер үйінің  акт залында Дүниежүзі Қазақтар қауымдастығының жанынан ашылған «Сана» жеке тұлғаны дамыту орталығының жетекшісі Шолпан Бердіханқызының «Мақсатқа жету қадамдары» атты  дәрісі өтті. Дәрісте гендерлік тепе-тендікті  қамтамасыз ету, әйелдердің экономикалық және саяси іске  қатысуын арттыру, жүйелі және біртұтас басқару мен саясатты үйлестіруді қамтамасыз ету арқылы жергілікті және ұлттық деңгейде балаларды қорғау, дамуын жақсарту жолдары туралы баяндалды. Гендерлік теңдік тақырыбы қазіргі таңда өте өзекті мәселе болып табылады. Бұл тақырыпты жастардың санасына бұрмаланбаған, дұрыс тұжырымдалған нұсқасын жеткізген өте маңызды.  Сонымен қатар ҰБТ тапсыруға дайындалып, үлкен мақсат алдында тұрған тыңдаушылар үшін де жігерлендіретін ақыл-кеңес берді. Дәрістен соң тыңдаушылар Шолпан Бердіханқызына өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, сұхбаттасу болды. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.