6 наурызда факультеттің кезекті кеңейтілген ғылыми кеңес мәжілісі болып өтті. Ғылыми кеңес төрағасы, факультет деканы Сартаев Спатай Алтынбекұлы мәжілістің күн тәртібіндегі жоспар бойынша атқарылған және жоспарланған жұмыстар жөнінде шолу жасады.
Факультеттің ғылыми кеңесінің жоспарына сәйкес QS WUR шетелдік эксперттермен жұмыс, зілзаладан сақтану және оқу-тәрбие бойынша жасалынатын іс-шаралар жөнінде ғылыми кеңес мүшелері тарапынан кеңінен талқыланды. Жоғарыда аталған жұмыстардың сәтті жүзеге асуы, оқу ордасын өркендету, дамыту үшін әрбір атқарылатын іс-шара, жетістіктер факультетіміздің ортақ мүддесі екенін декан Спатай Алтынбекұлы атап өтті.
Ғылыми кеңес төрағасы 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай факультетімізде білім беруде еселі еңбек етіп келе жатқан әйелдер қауымы оқытушы-профессорлар құрамына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ж.Қ.Түймебаевтың құттықтауын жеткізіп, ректордың арнайы Алғыс хатымен нәзік жанды оқытушы-профессорлар құрамын марапаттады.