Көпұлтты Қазақстан Алғыс айту күнін атап өтуде
БҰҰ ұсынған «Тұрақты даму мақсаттарының» бірі – барлығына бірдей сапалы білім беру болып табылады. 4.7 бағытына сай жаһандық азаматтық рухта білім беру мақсатында 2024 жылғы 5 наурызда шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында шетелдік студенттерге арналған Көпұлтты Қазақстандағы Алғыс айту күні" атты іс-шара өткізілді.
Адамның маңызды қасиеттерінің бірі бір-біріне көмек пен қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіру – бұл мерекенің адамзатқа жеткізетін негізгі идеясы болып отыр. Бұл күн негізгі құндылықтар – достық пен ынтымақтастықты, жауапкершілік пен азаматтықты насихаттап, планетадағы барлық адамдарға төзімділік пен құрметпен қарауға шақырады. Шетелдік студенттер қиын кезеңдерде миллиондаған иммигранттарды қабылдаған біздің көпұлтты еліміздегі осы мерекенің тарихы мен атап өту дәстүрлерімен танысты.