«ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҒЫЛЫМ ТІЛІ: ДӘСТҮР ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ»
2 наурыз, 2024
2024 жылғы 1-2 наурыз аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҒЫЛЫМ ТІЛІ: ДӘСТҮР ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ» атты Қазақстанның барлық өңірлерінен 300-ге тарта профессор-оқытушы қатысқан симпозиум өтті. Симпозиум жұмысына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Салқынбай Анар Бекмырзақызы қатысып, “Ғылым тілінің дамуындағы сөзжасамдық үрдіс” тақырыбында дәстүрлі сөзжасамдық қалып пен сөзжасамдық үлгілерді пайдаланып, термин жасау өзектілігі туралы баяндама жасады.
Шара барысында Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Turkistan EdTeсh lab coursera» орталығы ашылды.
Басқа жаңалықтар
25 желтоқсан, 2024
25 желтоқсан, 2024
24 желтоқсан, 2024