«Калькасыз қазақ тілі»

4 наурыз, 2024

ҚазҰУ-де «Биология және биотехнология» факультетінің «Биоәртүрлілік және биоресурстар» кафедрасының магистратура, докторантура студенттері «Калькасыз қазақ тілі» атты тақырып аясында тәрбие сағатын өткізді.

Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақ тілінде сөйлеуде немесе мәтін жазуда бұрыс қолданылып жүрген сөздер мен сөз тіркестері өте көп. Олардың басым көпшілігі – орыс тілінен тікелей аударылған калькалар. Ал калька дегеніміз – біздің тілімізге, табиғатымызға келмейтін, түпнұсқадағы мәнімен қабылдана салған сөздер мен ұғымдар. Бұлардың тұтынысымызға дендеп енгені соншалық, өзімізге дұрыс әрі қолайлы секілді болып кеткен. Қазақ тіліндегі калька мәселесі өте өзекті болып тұр. Орыс тілінен орашолақ, сөзбе-сөз аудару кеселінен құтыла алмай келеміз. Екі тілдің синтаксистік құрылымы екі басқа екенін ескеру керек. Ана тілінің болмыс-бояуын бұзбауға әрқайсымыз жауаптымыз. Тәрбие сағатына жауапты тұлғалар бакалавр студенттеріне қазақ тілі заңдылықтарына сәйкеспейтін ағат аудармалардың бірнешеуін мысалға келтіріп, ондай сөздер мен сөз тіркестерінен арылудың маңызы мен жолдарын ұсынды. Тәрбие сағаты барысында студенттердің тіл тазалығын тексеруге негізделген ойындар ойнатылып, белсенді талқылау жасалды, әрі сабақ соңында әр студент өз түйгені мен үйренгенін бөлісті.

Тәрбие сағатына жауаптылар:

ҚазҰУ-нің қауымдастырылған профессоры, биология ғылымдарының кандидаты – Ахтаева Нұрсұлу Зияхановна

«7М05112» - геоботаника мамандығының 1-курс магистранты Тұрсынбай Калима Сәрсенбайқызы

«7М08402» - аквакультура және су биологиялық ресурстары мамандығының 1-курс магистранты - Амангелдиева Тоғжан Жандосқызы

«8D05108» – геоботаника мамандығының 1 курс докторанты Турсунова Раушан Қызыровна

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz