Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері Токио университетінің оқытушылары және студенттерімен бірге БҰҰ-ның Алматыдағы өкілдігінде болды

11 наурыз, 2024

07.03.2024 дәстүрлі қысқы мектеп бағдарламасы аясында Қазақстанға шығыстану факультетіне оқуға келген Токио университетінің студенттері және олардың оқытушылары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қиыр Шығыс кафедрасының студенттерімен бірге, БҰҰ-ның Алматы қаласында орналасқан кеңсесіне барды. Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілділігінде жергілікті және шетелдік оқытушылар мен студенттер үшін ағылшын тілінде арнайы семинар өткізілді. Оның барысында іс-шараға қатысушыларға БҰҰ-ның Қазақстандағы және дүниежүзіндегі қызметі, сондай-ақ қазіргі уақытта БҰҰ айналысатын түрлі салалардағы жаһандық мәселелер туралы толық ақпарат берілді. Презентациядан кейін іс-шараға қатысушылар үшін аталған тақырыптар бойынша түрлі викториналар ұйымдастырылып, пікірталастар өткізілді.

     Шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар белсенді қатысушыларға термо-саптыаяқтар, рюкзактар ​​және сауда сөмкелері сияқты түрлі сыйлықтарды табыстады.

Қиыр Шығыс кафедрасы

жапонтану бөлімінің меңгерушісі

Тазабекова Г.Б.