ҚазҰУ  ТДМ халықаралық саммитіне қатысты

11 наурыз, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Тұрақты даму мақсаттары» (ТДМ) атты ІІ халықаралық саммитіне қатысты.

Іс-шара Таяу Шығыс университетінің (Никосия, Кипр) алаңында онлайн форматта өтті.

Саммитті ұйымдастырғандар: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Таяу Шығыс университеті (Никосия, Кипр) және Кирения университеті (Кирения, Кипр).

Саммитке қатысушылар тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы институционалдық стратегиялар мен іс-қимылдар туралы, Қазақстан мен Алжир мысалында ТДМ-ның жоғары білім беруді дамытудағы рөлі туралы мәселелерді талқылап, пікірталастар өткізді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың атынан доцент Ғайния Тажина «ТДМ үздік тәжірибелері» тақырыбындағы баяндамасын таныстырды.

Баяндаманы талқылау қорытындылары 2030 жылға дейінгі кезеңде тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған прогресті жеделдетуге қатысты болашаққа арналған ұсыныстар мен проекциялардың негізін қалады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі