«Денсаулық басты байлық»

11 наурыз, 2024

2024  жылдың 05 наурызында 317 аудиторияда сағат 14.00-де Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру  «Денсаулық баты байлық.»  тақырыбында  ғылыми семинар өткізді. Бұл шараның спикері аға оқытушы Нұрахметова Г.Г. меңгерушісінің орынбасары

Әлеуметтік саладағы ең маңызды бағыт – денсаулық сақтау. Қазір Қазақстан денсаулық сақтау саласында экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің стандарттарын ендіруді кезең-кезеңімен қолға алды. Сондықтан да  бар күшті денсаулық сақтау саласындағы қызмет сапасын көтеруге салудың өзіндік орны бар.Әрине, өңірде  санитарлық автокөліктермен қамту, бастапқы санитарлық медициналық көмекті қаржыландыру , денсаулық сақтау нысандарын  салу көбейіп келеді.Дегенмен, медицина саласының қызметіне сын айтатындар саны да аз емес.Үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес, денсаулық сақтау жүйесін әрі қарай дамыту мақсатымен халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен ағарту шаралары да үнемі жүргізіліп келеді.Сонда да, аймақта денсаулық сақтау саласын дамыту, оң нәтижелерге қол жеткізу үшін әлі де кезегін күткен мәселелер аз емес. Енді мәселенің тарқатылып, шешімін табар күннің жақын екендігін облысымызға қатысты міндет жүктеген ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  тапсырмасынан айқын аңғарғандай болдық. Мемлекеттің ең басты байлығы - адами фактор.Байлықты сақтап қалу мақсатында жұмыстың оң нәтижеге жетуін біздер, тұрғындары қалаймыз.Жарқын жобалар жүзеге асқанын қалаймын. Семинар қатысушылар үшін тәжірибе алмасуға, өз пікірлерін білдіруге және мүгедектердің құқығын қорғауға, талқылауға тамаша мүмкіндік болды. Іс-шара сонымен қатар  студенттер мен мұғалімдер арасындағы өзара әрекеттесуді нығайтуға, қолайлы оқу және зерттеу ортасын құруға ықпал етті.