12.03.2024 сағат 10.00-де 213 аудиторияда орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының докторы Ж.Х. Салханова SDG 5 – Гендерлік теңдік мәселесін талқылады. Талқыланып отырған тақырыптың өзектілігі шараның 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналғандығына байланысты. SDG 5 аясында «Қазақтың ұлттық киімі» тақырыбы қарастырылды. Шара Дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылып, «Аударма ісі» мамандығы бойынша оқитын студенттер қатысты. Студенттер Арсен Арайлым, Ережеп Ақниет, Қабылбек Инабат, Сағидоллаев Мәди және т.б. Қазақстандағы гендерлік теңдік проблемалары, қазақтың ұлттық киімінің тарихы мен нышандары туралы әңгімеледі. Абдухалик Аружан, Абекова Феруза, Бектемиров Асланбек тұсаукесерлерде Әл-фараби атындағы ҚазҰУ кампусында түсірілген бейнематериалдарды көрсетті. Іс-шараға студенттер мен ұстаз қазақтың ұлттық киімдері мен дәстүрлі зергерлік бұйымдарын киіп келді.
Ұйымдастырушы: Ж.Х. Салханова