«Жас маман - жаңа Қазақстанның қозғаушы генераторы»
2024 ж 12 наурыз күні «Жас маман - жаңа Қазақстанның қозғаушы генераторы» тақырыбымен«Түркітану» мамандығында білім алып жатқан түркменстандық студенттер арасында іс-шара өткізілді. Аталған іс-шарада студенттер өз мамандықтарының болашағы мен перспективасы туралы көңілде жүрген ой-пікірлерін ортаға салды. Университет қабырғасынан шыққаннан кейінгі кәсіби тағдырларының Қазақстаннан тыс жерлерде қаншалықты сұранысқа ие болатындығы туралы күмәнді сауалдары барын да жасырмады. Пікірлесу барысында байқалған көңілге қуаныш сыйлар бір мәселе – студенттердің біршамасының қазірдің өзінде кәсіби өндірістерде тәжірибе алып жүргендігі. Жалпы әңгімелесу нәтижесінде түркітанушы мамандығының түркі әлемі кеңістігінде бәсекеге түсу мүмкіндігі бар потенциалы жоғары сала екендігі айқындалды.