«Жастардың қоршаған орта мәселелерін шешудегі рөлі» тақырыбында вебинар

19 қазан, 2023

Әл-Фараби  атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен «Жастардың қоршаған орта мәселелерін шешудегі рөлі» тақырыбында студент-жастарға арналған вебинар өтті. Шараға факультеттін белсенді жастары, ОПҚ, жас зерттеушілері қатысты. Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының докторанты Жәния Хайбуллина кіріспе сөзінде бүгінгі қоғамның тұрақты дамуының бір бағыты- климаттың өзгеруімен күрес екенін нақтылап, өзектендірді. Аталған мәселені терең талқылау үшін арнайы спикер Назарбаев Университетінің жас зерттеушісі, «LCOYKazakhstan» жобасының үйлестірушісі Мұхтар Аманбайұлы тұшымды баяндама жасады. Вебинар барысында еліміздегі климаттың өзгеруін, оған адамзаттың бейімделуін, су секторына тигізетін әсерін саралады. Сондай- ақ бұл бағытта аймақтарда қабылданып жатқан іс-шаралар мен экологиялық таза технологияларды кеңінен пайдаланудың маңыздылығы және болашақ перспективалары жан-жақты талқыланып, қатысушылармен өзара пікір алмасты.