Медеу саябағына 1000 түп алма ағашы отырғызылды

22 қазан, 2023

22 қазанында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің басшылықтары:факультет деканы Мейрбаев Б.Б, академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары Өмірбекова Ә.Ө, ғылыми инновациялық даму және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Альчимбаева А.Б, факультеттің аға кураторы Аязбаева Б.Б. ұйымдастырумен Бутавковка ы.а Медеу саябағына 1000 түп алма ағашы отырғызылды. Шараға 1 және 2 курс студенттері белсене атсалысты. Негізігі мақсат "Тұрақты даму мақсаттары" бағдарламасының 15-ші бөлімі: "Табиғаттың экожүйесін сақтау" аясында жүзеге асырылды. Қазақтың "Бір тал кессең он тал ек" деген қанатты сөзін негізге ала отырып ну орманның негізін қалауға өз үлесін қосты.