- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Цифрлық білім беру технологиялары оқу процесін ұйымдастырудың кешенді құралы ретінде» атты Халықаралық ғылыми-практикалық вебинар
«Цифрлық білім беру технологиялары оқу процесін ұйымдастырудың кешенді құралы ретінде» атты Халықаралық ғылыми-практикалық вебинар
2023 жылдың 29 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Педагогика және білім беру менеджмент кафедрасы ресейлік К.Д.Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік университетінің ғалымдарының қатысуымен «Цифрлық білім беру технологиялары оқу процесін ұйымдастырудың кешенді құралы ретінде» атты Халықаралық ғылыми-практикалық вебинар өткізді. Ғылыми семинардың мақсаты - ауқымды және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін бүкіл өмір бойы оқу мүмкіндігін көтермелеу. Вебинардың бастамашылары К.Д.Ушинский атындағы ЯМПУ педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Карпова Е.В. және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ педагогика және білім беру менеджмент кафедрасының доценті, п.ғ.к. Бақтыбаев Ж.Ш. болған.
Вебинарда білім берудегі жаһандық тенденцияларға қатысты өзекті мәселелер және цифрландырудың сапасына әсері талқыланды, спикерлер оқытудың инновациялық әдістері мен олардың білім беруді цифрландыруға әсері туралы өз көзқарастарымен бөлісті. Мәселен, Қ.Д. Ушинский атындағы ЯМПУ педагогика және психология кафедрасының доценті, п.ғ.к. Невзорова А.В. бакалавриат деңгейінде цифрлық ресурстарды пайдаланудың нақты тәжірибесін оның тиімділігін бағалай отырып, Қ.Д. Ушинский атындағы ЯМПУ педагогика және психология кафедрасының доценті, пс.ғ.к. Беляева О.А. магистранттарды оқытуда қашықтықтық форматта жобалау тапсырмаларын орындау туралы бяндады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың педагогика және білім беру менеджмент кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., доцент Н.С. Алғожаеваның баяндамасы жаһандану және цифрландыру жағдайында білім беру үдерісінің сапасының проблемалары мен келешегі қамтылды, мұнда білім сапасына жаңа технологиялардың әсері және осы тұрғыдағы жаһандық тәсілдердің өзектілігі баса айтылды, кафедра профессоры, п.ғ.д. Ш.Т.Таубаева білім беруді цифрландыру үдерісінің негізгі факторы ретінде дидактикадағы инновацияның рөлін қарастырып, оқытудың инновациялық әдістері мен олардың оқу-тәрбие үдерісіне әсері туралы өз көзқарасымен бөлісті. Барлық баяндамаларда заманауи білім берудің маңызды аспектілері бойынша жаһандық өзгерістер жағдайында білім сапасын қамтамасыз ету, табысты цифрландыру үшін білім беру тәжірибесіне инновацияларды енгізу және т.б. маңызды көзқарастар берілген.
Халықаралық ғылыми-практикалық вебинар қатысушыларға заманауи білім беру технологияларының негізгі аспектілерін талқылау үшін қызықты алаң болып, баяндамалар білім берудің әртүрлі салаларындағы цифрландырудың өзекті мәселелері мен аспектілерін көрсететін әр-түрлі тақырыптарды қамтыды.