«Органикалық химия дамуының заманауи үрдістері» тақырыбындағы Қысқы мектеп
2024 жылды4 21 ақпанда Органикалық заттардың, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасында «Органикалық химия дамуының заманауи үрдістері» тақырыпта Қысқы мектеп өткізілді. Осы Іс-шараға халықаралық деңгейдегі спикерлер шақырылған болатын, атап кетсек, доктор Питер Лангер (Росток университеті, Росток қ., Германия), х.ғ.д., профессор, Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Владимир Леонидович Русинов (УрФУ, Краснодар, Ресей), х.ғ.д. Розенцвейг Игорь Борисович (А.Е. Фаворский атындағы Иркутск химия институты, Ресей), х.ғ.д., профессор Тұрмуханова Миргуль Журағатқызы (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан), х.ғ.д. Абдугафуров Ибрагим Азизович (Өзбекстан Ұлттық университеті, Ташкент), х.ғ.к. Феста Алексей Алексеевич (Ресей халықтар достығы университеті (РУДН), Мәскеу). Сондай-ақ, қысқы мектеп жұмысына отандық және шетелдік Жоғары оқу орындардың ғалымдары, оқытушылары мен студенттері қатысты. Іс-шара барысында тәжірибеде сәтті қолданылған органикалық заттар синтезінің негізгі бағыттары қамтылды.