АИТВ-инфекциясы – ғасыр індеті
ТДМ-3: Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатына ықпал ету.
2023 жылдың 1 желтоқсаны Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасы Уркимбаева П.И., Кенесова З.А., Махаева Д.Н. және т.б., университет студенттерінің салауатты өмір салтына деген құштарлығын дамыту мақсатында С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ университетінің балалар жұқпалы аурулары кафедрасының қызметкерлерімен «АИТВ-инфекциясы – Ғасыр індеті» тақырыбында сағат 12-00-де онлайн форматта және Е.Е.Ерғожин атындағы конференц-залында кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге химия және химиялық технология, биология және биотехнология факультеттері мен Экономика және бизнес жоғары мектебінің студенттері шақырылды.
Бұл іс-шарада біз ВИЧ-инфекциясының өзекті мәселесін және оның қазіргі қоғамға тигізетін әсерін талқыладық. АИТВ-инфекциясы онымен күресу үшін қоғамның барлық деңгейлерін назар аударуды және жұмылдыруды талап ететін ғасырдың ең ауыр індеттерінің бірі болып саналады.