Нашақорлық пен алкогольді тұтынудың алдын алу бойынша психологиялық тренинг
2024 жылдың 28 ақпанында Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасы Жалпы және қолданбалы психология кафедрасымен бірлесе отырып №13 студенттер үйінде БАЗ және алкогольді қолданудың алғашқы профилактикасына бағытталған тренинг ұйымдастырды.
Іс-шараға Химия және химиялық технология факультетінің студенттері қатысты, алкогольді және психоактивті заттарды қолдануға қатысты саналы мінез-құлықтың өзекті мәселелері талқыланып, алғашқы психологиялық көмек көрсету әдістері көрсетілді.
Тренингті ұйымдастырушылар: Құдайбергенова С.Қ. (Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы), Жангазинова Сабина, Қырықбаева Динара, Достанова Айжан (Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының студенттері), Керимкулова М.Ж., Адильбекова А.О., Ибраимова Д.М-К., Исмаилова А.Г., Кудреева Л.Қ. (Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасы).
Тренинг ТДМ 3 «Салауатты өмір салты және салауаттылық» (3.3.2 «Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары») мақсатына қол жеткізу аясында өткізілді.